Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

30 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

c 17:06, 27/05/2021 c 689

0:00 / 0:00

Туыстарының айтуынша, өзін жайсыз сезінген Жұлдыз аудандық ауруханаға «жедел жәрдеммен» жеткізілген. Ковид-ке ПЦР тест тапсырғанымен, алты сағат қараусыз жатып қалған. Оны емдеуге ақ халаттылардың ешбірі асықпаған көрінеді. Таңертең түскен науқастың халін кешкі сағат төртке дейін ешкім сұрап, жанына жуымаған. Осындай адам өмірі қыл үстінде тұрған сәтте өз істеріне бей-жай қараған ақ халаттылардың кесірінен жас әйел көз жұмып, кішкентай екі бала жетім қалды,-дейді туыстары. Ашынған ағайын салғырт дәрігерлердің жазасыз қалмауын талап етіп отыр.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталмыш мәселеге қатысты сауалға ауызша жауаппен шектелді. Берілген жауапта барлық ем-дом қабылданған алгоритмге сай жүргізілгені айтылған. Жұлдыз Мусинаның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалыпты.
Жұлдыздың туыстары прокуратураға жүгінбекші. Олар азаматшаның өліміне не себеп болғаны және кінәлілер анықталғанша тыншымай, істің соңына дейін барамыз деп бекініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.