Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тіркелмеген кәсіпкер, төленбеген салық

c 12:30, 25/08/2018 c 885

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда қалалықтардың көбісі пәтерлерін жалға беріп, ақша табуды кәсіпке айналдырған. Олардың қайсыбірі басы артық бос пәтерлерін қаржы көзіне айналдырса, енді біреулері күнкөрістің қамымен басындағы жалғыз баспанасын да амалсыз жалға береді екен. Күнкөріс қамымен қаражат тапқандар немесе баспананы бизнеске айналдырғандар салық төлеп мемлекет алдындағы міндеттерін өтей ме?

Сала мамандарының айтуынша қалада пәтер бизнесімен айналысатындар көп-ақ. Олардың барлығы бірдей салық органына тіркелмейді. Егер пәтер бизнесімен айналысатындар салық органдарына түгелдей тіркеліп, бәрі бірдей белгіленген мөлшерде салық төлейтін болса, онда бюджеттің жергілікті түсімінің мөлшері қазіргіден әлдеқайда көбейетіні анық. Өкінішке орай, пәтер бизнесімен айналысатындар әлі күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде жіті қадағаланбайтын тәрізді. Өйткені олардың салық органдарына тіркелгендерінен гөрі, еш жерде тіркелмей жүргені көп. Мәселен Орал қаласында 600 ден аса жылжымайтын мүлік тіркелген. Яғни кез-келген адам меншігіндегі үй немесе пәтерді жалға беруден түскен пайдаданың 10 пайызын салыққа төлеуге міндетті.

ВЛАДИМИР СВИЧНИКОВ
БҚО МКД ТІРКЕЛМЕГЕН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ 

Пәтерін жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Яғни бір жылдық пайдаңды декларациялап 10 пайыз салық төлейсің. Қазіргі таңда тексеру шаралары қолға алынды. Егер де осы тексеру кезінде заң бұзушылық анықталса, хаттамалар толтырылып, құжаттар сот органдарына жолданады. Айыппұл салу мақсатында. Бүгінгі күні заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда айыппұл сомасы 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жалпы, ел аумағында Алматы қаласы пәтерді жалға беру бойынша көш басында тұр. Ал өңірде өткен жылы көлеңкелі жолмен пайда табқан 580 адам анықталған. Бұл сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда 10 адамға көп.

ДИНАРА АБДУЛХАЛЫҚОВА
ОРАЛ Қ. ІІБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Тұрғындарға осы орайда тағы да ескерту жасағым келеді. Қандай да бір жылжымайтын мүлікті пайдалана отрып салықтан жалтара жүріп табыс табатын болса ,Әкімшілік Құқық Бұзу Туралы Кодекстің 437-Бабы Бойынша жазаланатын болады.

Дерек көз­деріне сүйенсек, қазіргі таңда жылжымайтын мүлікке салық салу ісі әлемнің 130 еліне таралыпты. Бірақ осы елдердің әрқайсысында салық мөлшері әр түрлі көрінеді. Мысалы, Италияда пәтерін жалға беретіндер табысының 40 пайызын мемлекетке аударуы тиіс болса, америкалықтар - 30, француздар - 25, чехтар мен түріктер 17-18 пайыз табыс салығын төлейді екен. Көрші ресейліктер 13%, ал біздің елімізде табыс салығы 10 пайызды құрайды.Демек әлі де жұмыс жандануы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.