Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

25-қаңтарда ҰБТ басталады

c 15:13, 24/01/2022 c 887

25-қаңтардан бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. 24-қаңтарға дейін оқушылар тестілеуге қатысу үшін өтініш беріп үлгеруі шарт. Бүгінгі таңда БҚО-да 5000-ға жуық 11 сынып оқушысы білім алуда. ҰБТ туралы толығырақ келесі сюжетте.

Еліміздің мектеп бітіруші түлектері 25-қаңтарда алғаш рет ҰБТ тапсырады. Соңғы жылдары қабылданған өзгерістерге байланысты 11-сыныптың оқушылары бір жылда 4 рет өз білімдерін тестілеу барысында көрсетуі тиіс. Сала мамандары 5 пәнге 120 минут уақыт берілетінін айтады.

Өткен жылдан бастап еліміздің түлектері ҰБТ-ні электронды фортта тапсырады. Қазіргі таңда тестілеу өтетін орталық соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеу 2004 жылдан басталды. Мектеп бітіруші жастар осы сынақты тапсыра отырып, жоғарғы оқу орнына түсе алады. Грант үшін таласатын сынақ маусым айында болмақ. Қалған ҰБТ-ны тапсырған жастар ақылы негізде университеттерде білім алуына болады. Ереже бойынша әрбір тест тапсырушы 50 баллдан жоғарғы нәтиже көрсетіп, әрбір пән бойынша кемі 5 сұраққа дұрыс жауап беруі керек.

Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.