Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

200-ден астам жас сарбаз ант қабылдады

c 17:13, 17/01/2022 c 1051

0:00 / 0:00

Орал қаласында 200-ден астам жас жауынгер ант қабылдады. Салтанатты шара 5517 әскери бөлімінде өтті. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздар әскерге бару әрбір ер азаматтың міндеті,-дейді.

Жыл сайын Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздар сапқа тұрып, ресми түрде Ант қабылдайды. Дәстүрлі шара биыл да өз жалғасын тапты. Бүгінде сап түзеген жауынгерлер күзде әскерге қабылданған болатын.

Жыл сайын сән-салтанатымен өтетін шара биыл коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта болды. Яғни, жауынгерлердің ата-аналары баласының ант бергенін экран арқылы тамашалады. Қолына қару алған жас сарбаздар Отанға қалтқысыз қызмет етіп, елді қорғауға ант берді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың басында еліміздің түкпір-түкпірінде бүлік болған кезде жауынгерлер қоғам тыныштығы мен маңызды нысандар күзетілді. Қазіргі таңда бұл жұмыс өз жалғасын табуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.