Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

20-маусымда "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылады

c 17:38, 06/06/2022 c 691

0:00 / 0:00

20-маусымнан бастап елімізде "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылады. Тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Биыл осы бағдарламаны іске асыру үшін 51 млрд теңгедей қаражат бөлінген.

Маусымның жиырмасы мен шілденің 19-ына дейін "Бақытты отбасы" бағдарламасына өтініш тапсыруға болады. Осы тұрғын үй бағдарламасы арқылы атқарушы биліктің баспана кезегінде тұрған көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес жанұялар ипотека рәсімдей алады. Несие екі пайызбен беріледі. Және БҚО-да "Бақытты отбасы" арқылы несиеге рәсімделетін үйдің құны 10 млн теңгеден аспауы шарт. Төмен несиемен үй алатын жандар алғашқы жарнаның он пайызын төлеуі керек.

Қазіргі таңда облыс орталығында 22 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр.

Естеріңізге сала кетейік, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылы іске қосылды. Сол жылы 197 батысқазақстандық қоныс тойын тойлады. Былтыр осы бағдарлама арқылы 259 баспаналы болды.

сурет http://ernur.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.