Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

20 градус аязда тұрғындар үйлерін жылыта алмай әлек

c 18:24, 29/12/2021 c 3609

0:00 / 0:00

ОРАЛДА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ МИНУС 20 ГРАДУС АЯЗДА ҮЙЛЕРІН ЖЫЛЫТА АЛМАЙ ОТЫР. ТҰРҒЫНДАР ТҮНДЕ КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫСЫМЫ ТӨМЕНДЕП, ТІПТІ БІР ШӘЙНЕК СУ 1 САҒАТ ҚАЙНАЙТЫНЫН АЙТАДЫ. ЖЫЛ САЙЫН ОСЫ ПРОБЛЕМА ҚАЙТАЛАНА БЕРЕДІ. АЛАЙДА КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ ЕШБІР ЖАУАПТЫ МАМАН ҚҰЛЫҚСЫЗ. АМАЛДАРЫ ТАУСЫЛЫП, БАЛА-ШАҒАСЫМЕН ҮЙЛЕРІНДЕ ДІРДЕК ҚАҒЫП ОТЫРҒАН ТҰРҒЫНДАР "ҚАЗ ТРАНС ГАЗ"-БЕН ӘКІМДІККЕ БАРЫП ШАҒЫМДАНДЫ.

Бұл-Ұлғаным. Көпбалалы ана жанұясымен бірге саяжайда тұрады. Аталмыш отбасы өзге саяжай тұрғындары секілді суықта үйлерін жылыта алмай әлек. Көгілдір отынның қысымы баспананы жылытуға жеткіліксіз. Түнде тіпті құбыр қатып қалады. Баспананы жылыту үшін қосымша пеш қосып, үлкен жанұя бір бөлмеде қалың киініп, күнелтуге мәжбүр. Суықтың кесірінен Ұлғанымның балалары сырқаттанып қалған.

Үйлерін жылыта алмаған тұрғындар базынасын айтып, Қаз Транс газ аймақтың облыстық кеңсесіне келді.

Монополист компанияның ғимаратында тұрғындарға газ тартқан, мердігер компанияның өкілімен телефон арқылы тілдестік. Өзін Жігер деп таныстырған азамат саяжайларға көгілдір отын Подстепный ауылынан тартылғанын айтады. Осы Подстепныйдағы мекеме саяжай тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін газдың қысымын жөнді бермей отырған көрінеді.

Ал монополист компания газ құбыры тиесілі мекеме тұрғындардың барлық шағымы бойынша жұмыстану керек,- дейді. Көгілдір отын делісі жекеге тиесілі. Сол себепті Қаз Транс газ аймақ компаниясы саяжайларға дейін көгілдір отын кіргізіп берген жекеменшік компанияның жұмысын тексере алмайды екен.

"Қаз Транс Газ аймақ" компаниясынан мардымды жауап ала алмаған тұрғындар қалалық әкімдіктің залына жиналды. Талаптарын атқарушы орган мен монополист компанияның басшылығына жеткізді. Қазіргі таңда саяжайда өмір сүретін отбасылардың саны жыл санап артып келеді. Қыста қайталана беретін күрделі мәселе өз шешімін бірнеше жылдан бері таппай келеді. Тұрғындар үйлеріне дейін газ тарту үшін жеке компаниялардың қызметіне жүгінеді. Олар 300 мың теңгедей ақы төлейді. Бұдан да қымбат алатындар жетерлік. Және тұрғындар газ құбырын үйге кіргізу үшін 200 мыңға жуық қаржысын санап береді. Қыста бала-шағам тоңбасын деп қарызданып алған ақысына сапалы қызмет ала алмай отырғаны көңілге қаяу салады. Суықтың кесірінен салқын үйді күнелткен жандар ауырса, емделу үшін тағы шығындалады. Ал газ тартып беремін деген компаниялардың жұмысын ешбір мекемеге тексермейді. Олардың қалай жұмыс жасап, қандай құбыр салғанында ешкім дөп басып айта алмайды. Қазақстан қазба байлықтарға бай десек, ал қарапайым тұрғындар сол байлықты ақшасына да тұтына алмай отыр!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.