Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2 МИЛЛИОН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫН АШЫЛАДЫ

c 19:05, 26/05/2022 c 802

0:00 / 0:00

Үкіметтің халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 2025 жылағ дейін 2 миллион жаңа жұмыс орнын ашпақшы. Бүгін сенаторлардың алдында осы бағдарламаны қорғаған Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1,1 миллионнан астам жұмыскердің еңбекақысын арттыруды, соның ішінде бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақысын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз деді. Атап айтсақ, дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 173 мыңнан 250 мыңға дейін өседі. Педагог мамандардың жалақысы да артады, - дейді Тоғжанов.

Халықтың табысын арттыру тапсырмасы да қаңтар трагедиясынан соң қолға алынып отырған шаруа. Үкімет Президенттің бұл тапсырмасын жүзеге асыру үшін 2 миллион жұмыс орнын ашпақшы. Сондай-ақ,алдағы жылдары дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы шамамен 40 пайызға артады. Мемлекеттік БАҚ өкілдерінің де айлығы өспек.Ендігі сәуір айынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 258 мың өндірістік ұызметкерінің жалақысын 5 проценттен 48 процентке дейін көтерді. Сондай-ақ, мемлекеттен қолдау алатын ірі бизнес 2,8 миллион қызметкердің орташа жалақысын өсіреді. Премьер-министрдің орынбасары Тоғжановтың мәлімдеуінше ендігі бірқатар ірі компания жұмысшылардың жалақысын көтерді. Жалпы 150-ден астам компания айлықты өсіруге келіскен. Ал үкімет 60 мың теңгені құрайтын ең төменгі жалақы көлемін көтеруге дайын ба?

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан халқының табысы азайып, кедейшілік шегін құрап отырғандар саны артуда. Депутаттар келтірген мәліметке сүйенсек, пандемия орын алған соңғы екі жылда халықтың табысы төмендеген.

Өкінішке орай табысы ең төменгі күн көріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі артып 1,5 млн адамды құрады. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда кедейшілік шегі күніне 2,8 ақш долларын құраса, еуропа елдерінде 5,5 долларды, көрші Ресейде 6 долларды құрап отыр дейді. Сенаторлар мұндай көрсеткішпен алдағы екі-үш жылда елдің табысын арттыру мүмкін бе деп күманданады.

Ал 2 миллион жаңа жұмыс орнын ашу үшін үкімет өнеркәсіп пен бизнесте 950 мың, инфрақұрылымда 583 мың, агроөнеркәсіпте 458 мың және туристік салада 59 мың жұмыс орнын ашпақ. Сондай-ақ, министрлер кабинеті заман талабына сай креативті жобалары бар жастарды тартып жатыр. Осылайша халықты қарық қыламыз деп сендіріп отырған үкімет басшылары бұл оңай шаруа емес екенін де мойындайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.