Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

11 жылға сотталды

c 17:53, 20/10 c 129

0:00 / 0:00

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін 36 жастағы Виталий Валитовқа қатысты үкім шықты. В.Валитов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін шұңқырға көміп жасырған оралдық Виталий Валитов 11 жылға сотталды. Қылмыскер сотта өз кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім де сұрады. Сот материалынан мәлім болғандай, 36 жастағы Валитов бала кезгі досымен бірге үйінің ауласында арақ ішкен. Кейін екеуі сөзге келіп қалады. Ашуға мінген Валитов бөтелкелесін ұрып құлатып, мойнынан екі рет пышақ тығады. Кейін өліктен құтылудың қамына кіріседі. БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермахановтың айтуынша айыпты сот үкімімен жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.Оның  жауабына қарағанда қорыққан. Сосын ұмытқым келіп, ары қарай тағы бес күн бойы арақ іштім,– дейді. Мәйітті көміп тастағаннан кейін сарайды өзін бұзып, погребке тастаған. Одан шыққан  кірпіш, кілем сынды барлық ескі қрылыс заттарын  барлығын 2 метр жарым қазылған жерге салып  тегістеп  тастаған. Сол уақытта жәбірленушінің анасы терезеден қарап тұрып: «менің балам осы шұңқырдың ішінде, әйтпесе ол неге көміп жатыр? Соның ішінде өліп жатыр», - деп айтыпты,– деді БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.Сотта Валитовтың кінәсі толық дәлелденді. Судья болған жайды толық баяндап, ағынан жарылған қылмыскердің кішкентай қызы бар екендігін ескеріпті. Дегенмен айыпты өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ал марқұмның туыстары кінәліге кешірім бергенін айтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.