Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатыр ұшты

c 16:43, 30/06/2020 c 891

Батыс Қазақстан облысында дауыл мектептер мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр бағандарын құлатты. 28 маусым күні сағат 17.15-те Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Тасмола ауылында желдің екпіні секундына 16 метрге дейін жетіп, орта мектептің 40 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 500 шаршы метр. Сонымен қатар 9 жеке үйдің шатырына ішінара зақым келді. Ал 29 маусым күні сағат 15.50-де Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында орта мектептің 180 шаршы метр шатыры сыпырылып түсті. 1976 жылы салынған қос қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 1100 шаршы метр. Сондай-ақ Базартөбе ауылдық округі әкімдігі ғимаратының (6 шаршы метр) және 12 жеке үйдің (30 шаршы метр) шатыры зақымдалды. 29 маусым күні сағат 17.12-де Сырым ауданында 16 электр бағаны құлап, соның салдарынан Қособа (126 абонент) мен Жырақұдық (108 абонент) ауылдары жарықсыз қалды. Қособада 5, Жырақұдықта 10 жеке үйдің төбелері бүлінді. Сағат 13.00-де Тасқала ауданы Оян ауылында орта мектептің 70 шаршы метр шатыры жұлынды. 1974 жылы салынған қос қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 2195 шаршы метр. Қазіргі таңда келтірілген шығын анықталу үстінде. Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.