Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күн жылына бастағалы, балалардың көп қабатты үйлердегі терезелерден құлау фактілері тіркелуде

c 00:00, 22/05/2015 c 771

0:00 / 0:00

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеп, дабыл қағуда. Ата-аналардың немқұрайлығы салдарынан мұндай жазатайым оқиғалар көптеп кездесіп жатыр. Өткен жылы облысымыз бойынша 7 кәмелет жасқа толмаған бүлдіршін көп қабатты үйден құлап, түрлі деңгейде жарақат алған. Баланың қауіпсіздігіне бей-жай қарайтын ата-аналарының жауапсыздығынан кішкентай бүлдіршіндер зардап шегуде. Қатердің алдын алу үшін пластикалық терезелердегі торларды жақсылап бекіту немесе басқа құрылыс материалына айырбастау аса қажет. Терезелердің соңғы сән үлгілері қазіргі таңда балалар үшін аса қауіпті болып отыр. Айта кетейік, ағымдағы жылдың төрт айында пластикалық терезедегі москитті торлардың салдарынан 2 балғын түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал жаз мезгіліндегі ыстық күндер алда екенін ескерсек, бұндай жазатайым оқиғалардың алдын алуға бүгіннен дайындалу қажет. Сондықтан да ата-аналардың мұқият болып, қауіпсіздік шараларын жіті қадағалау керектігін тағы бір мәрте ескертеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.