0:00 / 0:00
Қазақстан құрамасы Үндістанның Бангалор қаласында өткен WKC/FW каратэден әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді. Отандастарымыз жарыста 18 алтын медаль жеңіп алды. Бірінші орынды Үндістан, екінші орынды Ресей құрамасы еншіледі. Әлемдік додаға 18 елден 760 спортшы қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданының төрт өкілі өнер көрсетіп, барлығы жүлдемен оралды. Ангелина Головатова 10-11 жастағы қыздар арасында ката және иппон кумитэден чемпион атанды. Екатерина Кожакова 12-13 жастағы қыздар арасында санбон кумитэден алтын медаль иеленді. Әлім Жалмурзин 45 келіге дейінгі салмақта санбон кумитэден топ жарды. Ал Ғабдулла Ғабдуллин 16-17 жастағы спортшылар арасында 65 келіден жоғары салмақта иппон және санбон кумитэден жеңіске жетті. Чемпионат 31 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. БҚО спортшыларының жарысқа баруына «Серік» өндірістік жабдықтау кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Серік Мерғалиев қаржылай қолдау көрсеткен.







