Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол жөндеуге бөлінген 45 миллион теңге жымқырылған

c 15:23, 19/11 c 1

0:00 / 0:00

Павлодар облысында ауылішілік жолды жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды. Успен ауданында жүргізілген тексеру нәтижесінде 45 миллион теңгенің мақсатсыз аударылғаны белгілі болды. Аудан прокуратурасының мәліметінше, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты «МКК-Элит Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жол учаскесі үшін 45 миллион теңге аударған. Осы дерек бойынша әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.