0:00 / 0:00
Қазақстанда Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне ақшалай төлем жасау тәртібі өзгерді. Енді еліміздің барлық өңіріндегі әскери қызметшілердің жалақысы бір мезгілде аударылады. Төлемдердің уақытылы әрі бірізді жүргізілуі үшін Бас қолбасшылық жанынан Бірыңғай есеп айырысу орталығы құрылды. Жаңа жүйеге көшу мақсатында Ұлттық ұлан академиясында қаржы мамандарына арналған бір апталық оқу-әдістемелік жиын өтті. Ұлттық валюта күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада мамандар әскери қызметшілердің ақшалай қамтылуын, азаматтық персоналдың жалақысын есептеу тәртібін және қаржылық құжаттарды рәсімдеудің бірыңғай талаптарын меңгерді. Оқу соңында қатысушылар тестілеуден өтіп, Бірыңғай есеп айырысу орталығында жұмыс істейтін үміткерлер іріктелді. Жаңа жүйе қаржылық операцияларды орталықтандыруға, есеп жүргізуді біріздендіруге және заңнамадағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді. Негізгі мақсат - төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етіп, есептеуден кететін қателіктерді азайту.







