Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мобильді аударымдарды тексерудің шекті сомасы өсті

c 11:57, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді салық органдарының назарына ілігуі мүмкін аударымдардың шекті сомасы 1 миллион 557 мың теңге болып белгіленді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1 миллион 20 мың теңге болған. Яғни шекті мөлшер 537 мың теңгеге артты. Жаңа талапқа сәйкес, жеке тұлғаның шотына қатарынан үш ай бойы тұрақты түрде әртүрлі адамдардан ақша түссе және аударымдардың жалпы сомасы белгіленген межеден асса, банк бұл мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы мүмкін. Бұған дейін шекті сома ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты есептелетін. 2026 жылы ол 12 ең төменгі жалақыға, яғни 1 миллион 20 мың теңгеге тең болды. Алайда Қаржы министрінің жаңа бұйрығымен есептеу тәртібі өзгертілді. Енді шекті мөлшер айлық есептік көрсеткішке байланған. Осылайша, үш айдағы ақша түсімінің жалпы көлемі 360 айлық есептік көрсеткіштен немесе 1 миллион 557 мың теңгеден асқан жағдайда, аударымдар салықтық бақылауға негіз болуы мүмкін. Айта кетейік, бұл талап барлық мобильді аударымға бірдей салық салынады дегенді білдірмейді. Бақылаудың мақсаты - жеке шоттарды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану және тіркелмеген табыс көздерін анықтау. Сондықтан туыстар мен таныстар арасындағы күнделікті ақша аударымдары өздігінен салық салуға негіз болмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.