Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРИ БИЛЕТ БЕРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

c 17:22, 09/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда әскери билеттерді беру және азаматтарға әскери қызметтен кейінге қалдыру рәсімдерін ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Қорғаныс министрі биылғы 21 қазанда қол қойған. Жаңа өзгерістердің бірі құжаттардағы қателерді түзету тәртібіне қатысты. Егер әскери қызметтен кейінге қалдыру немесе босату туралы өтінішті қарау кезінде қателер анықталса немесе қажетті құжаттар толық ұсынылмаса, азаматқа кемшіліктерді жою туралы хабарлама жіберіледі. Ол үшін өтініш берушіге үш жұмыс күні беріледі. Осы уақыт аралығында өтінішті қарау тоқтатыла тұрады. Егер азамат белгіленген мерзімде барлық кемшілікті түзетсе, өтініштің бастапқы тапсырылған күні сақталады. Ал үш жұмыс күні ішінде қателер жойылмаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Осылайша, жаңа тәртіп әскери қызметке шақырылатын азаматтарға құжаттардағы қателерді түзетуге қосымша уақыт беріп, әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату рәсімдері кезінде негізсіз бас тартудың алдын алуға мүмкіндік береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.