Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

c 08:50, 07/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда құрылыс алаңдарына бейнекамера орнатылып, құрылыс компанияларына бақылау күшейтілуі мүмкін. Сонымен қатар мердігерлер барлық құжаттаманы электронды форматта жүргізуге міндеттелуі ықтимал. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ведомство басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, құрылыс барысын бейнекамера арқылы бақылау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ Қаржы министрлігімен мердігерлер электронды құжат жүргізбеген жағдайда, олардың төлемдерін уақытша тоқтату мәселесі талқылануда. Бұған дейін құрылыс құжаттары негізінен қағаз түрінде сақталған. Соның салдарынан ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін бірнеше жыл өткен соң, жөндеу немесе қайта жаңғырту жұмыстарына қажетті мәліметтерді табу қиындық туғызған. Министрдің сөзінше, 2026 жылғы шілдеде Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін мемлекеттік бақылау да күшейтілді. Енді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы инспекторлары құрылыс нысандарын жұмыс барысында тексеріп, заңбұзушылық анықталса, құрылысты тоқтата алады. Ал өрескел заңбұзушылықтар үшін компания лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар жаңа ғимараттарға берілетін кепілдік мерзімі ұзартылды. Бұрын ол екі жыл болса, қазір бес жылға дейін белгіленген. Ал көтергіш конструкциялар, қасбет пен шатырға берілетін кепілдік мерзімі - он жыл. Бұдан бөлек, ғимаратты пайдалануға қабылдау тәртібі де өзгерді. Енді тиісті актіге тапсырыс беруші, мердігер және техникалық әрі авторлық қадағалау өкілдерімен бірге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері де қол қоюы тиіс. Министр құрылыс алаңдарын тікелей тексеру жергілікті әкімдіктер жанындағы бақылау бөлімшелерінің құзыретінде екенін атап өтті. Тұрғындар құрылыс кезінде заңбұзушылық байқаса, тиісті мемлекеттік органға шағымдана алады. Инспекторлар нысан пайдалануға берілгенге дейін шара қолдануға құқылы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.