Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Каспий теңізінде омыртқасы қисайған бекірелер жиі кездесе бастаған

c 08:38, 07/11 c 1

0:00 / 0:00

Каспий теңізінде омыртқасы қисайған бекірелер жиі кездесе бастаған. Ақтаулық балықшылар мұндай өзгерістердің себебіне алаңдаулы. Олардың айтуынша, бір ауға кейде осындай екі-үш, тіпті төрт-бес балыққа дейін түседі. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада омыртқасы қатты қисайған кішкентай бекіре балығы көрсетілген. Балықшының сөзінше, соңғы уақытта мұндай жағдай жиілеген. Кейде осындай деформациясы бар көксеркелер де кездеседі. Алайда олардың омыртқасы бекірелердегідей қатты қисаймаған. Мамандар мұның бірнеше себебі болуы мүмкін екенін айтады. Олардың болжамынша, бекіре шабақтары тасымалдау кезінде немесе су айдындарына жіберілген сәтте жарақат алуы ықтимал. Сондай-ақ теңіздің ластануы да әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, паразиттер мен химиялық заттар балықтың дамуына кері ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тағы бір себеп - браконьерлік ау құралдары. Балық ауға түсіп, омыртқасын жарақаттауы мүмкін. Кей жағдайда браконьерлер ұсақ балықтарды қайтадан суға жібергенімен, олар алған жарақатынан кейін деформациямен өсуі ықтимал. Дегенмен мамандар нақты себепті тек сыртқы көрінісіне қарап анықтау мүмкін емес екенін атап өтті. Ол үшін балықтың өзін арнайы зерттеу қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.