Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі кезең-кезеңімен енгізіледі

c 22:25, 30/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі қашан енгізілетінін және оның алғашқы кезеңде кімдерге қатысты қолданылатынын айтты. Министрдің айтуынша, 2026 жылдың қараша айында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаждық қағидатын кезең-кезеңімен енгізуге арналған тетіктерді жетілдіру жұмыстары толық аяқталады. «2026 жылдың желтоқсанында Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің жүйелерімен интеграциялау қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта халық арасында реформаның мақсаттары мен оны енгізу тәртібін түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде белсенді жүргізіліп жатыр. Мұқтаждық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай тәртіппен жүзеге асыру ұсынылады: табыс деңгейі жоғары азаматтарға қатысты - қаңтар және ақпан айларында, ал ауқатты азаматтарға қатысты - ақпан және сәуір айларында», - деді Асқарбек Ертаев. Министрдің мәлімдеуінше, әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша енгізілген өзгерістердің тиімділігі бағаланып, жаңа тәртіпті одан әрі енгізу туралы шешім қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.