0:00 / 0:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Биылғы саяси құжаттың негізгі өзегі - елдің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағытын айқындау. Президент әлемдегі күрделі геосаяси ахуал жағдайында ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап, экономиканы күшейту, инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға қатысты бірқатар нақты міндет жүктеді. Жолдауда өңірлердің әлеуетін арттыруға да ерекше мән берілді.Тақырывһпты меншікті тілшіміз Мерген Рахметолла тарқатады.







