0:00 / 0:00
Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы несие беру құқығынан айырылды. Қаржы реттеушісі тексеру барысында заң талаптарының жүйелі түрде бұзылғанын және клиенттердің құқықтарына нұқсан келгенін анықтаған. Лицензиясынан айырылған ұйымдар қатарында MaxMoney, Microfinance Systems, SurfKaz Finance, MFO №1, «Үміт Финанс», «Вивус» және EL QAZYNA бар. Енді олар микрокредит бере алмайды. Компанияларға 30 күн ішінде қайта тіркелу, қайта ұйымдасу немесе қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау қажет. Ал бұрын несие алған азаматтар қарызын келісімшарт талаптарына сәйкес өтеуге міндетті. Лицензияның қайтарылуы берешекті жоймайды.







