Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

c 15:02, 28/10 c 1

0:00 / 0:00

Түркістан облысында мақта алқабында комбайн жөндеп жүрген 17 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алды. Оқиға Мақтаарал ауданындағы Асықата ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің аяғы комбайнның орақ механизміне қысылып қалған. Оны өздігінен босату мүмкін болмағандықтан, оқиға орнына құтқарушылар шақырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатқан. Ол көп қан жоғалтып, есінен танып қала жаздаған. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.