0:00 / 0:00
Оралда реновация бағдарламасы аясында 2027-2029 жылдары сүрілуі мүмкін тұрғын үйлердің мекенжайлары жарияланды. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы Ақотау көшесіндегі 14 және 16-үйлер, ал 2028 жылы Пугачев көшесіндегі 28 және Ғ. Тоқай көшесіндегі 27-үй жаңартуға енгізілген. 2029 жылы Х. Чурин көшесіндегі 99-үй, Қ. Аманжолов көшесіндегі 99-үй және Ақотау көшесіндегі 23-үйді жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ 2027 жылы Тасқала ауылындағы Сабыров көшесінің 2-үйі мен Игілік көшесінің 9-үйі тізімге енген. Ескі ғимараттардың орнына жаңа тұрғын үйлер салу жоспарлануда.







