0:00 / 0:00
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Экология жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты. Жиында Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық мәселелер мен ауылдарды дамытуға бағытталған бастамалар талқыланды. Атап айтқанда, «Қаладан ауылға» пилоттық жобасын республикалық деңгейде енгізу, Орал қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мәселесі және киік популяциясын сақтау жайы сөз болды. Сондай-ақ Бөкейорда ауданындағы Хан Ордасы ауылының қылқан жапырақты екпелерін қорғау және «Жайық орманы» резерватын құру бастамаларын алдағы жұмыс жоспарына енгізу көзделіп отыр.







