0:00 / 0:00
Орал қаласында халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми байқаулар мен зияткерлік жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері болған үздік оқушыларға құрмет көрсетілді. Қала әкімімен өткен кездесуге дарынды оқушылар, олардың ұстаздары мен ата-аналары қатысты. Жас таланттар өз жетістік жолдарымен бөліссе, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.










