0:00 / 0:00
Барбастау мен Жаңа өмір елді мекендері маңындағы қоқыс полигонына қатысты мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Арнамызға хабарласқан тұрғындардың айтуынша, полигон аумағындағы жеңіл тұрмыстық қалдықтар желмен ұшып, халықаралық тасжол бойына дейін шашылып жатыр. Ауыл халқы әсіресе полигоннан шығатын жағымсыз иіске шағымдануда. Тұрғындардың сөзінше, қолайсыз иіс күнделікті өмірге кедергі келтіріп, экологиялық ахуалға алаңдаушылық туғызған. Мәселенің мән-жайын әріптесім Айдос Мәлікұлы тарқатады.










