Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылда мыңдаған ата-ана құқығынан айырылады

c 18:04, 15/03/2021 c 406

0:00 / 0:00

Бес мыңнан астам бала полиция есебінде тұр. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының орынбасары  Алексей Милюктің мәліметтері көңіл қоншытпайды. Балаларға қатысты қылмыс жасау азаяр емес. Ал заңның күшейтілуіне қарамастан кәмелетке толмағандарға  жыныстық зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай тұр. Ата-аналардың өздері балаға көрсетілген зорлықты көп уақыттан кейін біліп жатады. Жеткіншектерге көрсетілетін жыныстық қылмыстың 70 пайызы үйде және таныс адамдар тарапынан жасалады. Бұл жайында министрліктің онлайн брифингі барысында айтылды.

Ішімдікке салынған ата –ана,  қараусыз қалған  бала көше кезіп, қылмыс жасамаған да қайтсін. Қаңғыбас балаларды полиция бірден есепке алады. Ал мұндай отбасымен қаншалықты тәрбие жұмыстары жүргізілгенімен, нәтиже жоқ. Құқық қорғау органдарына жыл сайын кәмелет жасқа толмаған 100 мың бала түседі. Тәртіп бұзушылыққа бейім бес мыңнан астам бала полиция есебінде тұр. Өткен жылы бала тәрбиесінде немқұрайлық танытқан  65 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке  тартылды

Алексей Милюк – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары «7 мың бала тұрмыстық жағдайы нашар, ата-анасы ішімдікке салынған отбасында тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын 40 мың ата ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сотпен жылда мыңдаған ата –ана құқығынан айырылады».

Өкінішке орай,  жеткіншектерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсету тыйылмай тұр. Ата-аналар балаға көрсетілген зорлықты көп уақыттан кейін ғана біліп жататын жағдайлар да бар. Кәмелетке толмаған балаларға көрсетілетін жыныстық қылмыстың 70 пайызы үйде және таныс адамдар тарапынан жасалады дейді полиция өкілі.

Алексей Милюк – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары «Қолайсыз отбасы әлеуметтік тұрмыстық қылмыс тудырады. 2019 жылдан бері мұндай отбасындағы балаларды медико-әлеуметтік есепке алу жүріп жатыр».

Зорлық көрген жеткіншектер көп жағдайда басынан өткен оқиғаны жасырып жатады. Мұндай жағдайлардың 30 пайызы  дәәргердер ерте жүктілік дерегін тіркегенде мәлім болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.