Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Журналистиканың қоғамдағы рөлі

c 10:31, 28/06/2021 c 541

0:00 / 0:00

Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін есік қағып тұрған төл мерекесімен құттықтау шаралары өтіп жатыр.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтауын  Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев жолдады. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау рәсімі өтті. Сондай-ақ, Президент Қазақ радиосының 100 жылдығына орай енді  1 –ші қазанды «Радио қызметкерлері күні» деп ресми түрде бекітуді ұсынды.

Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. БАҚ-рын төртінші билік өкілдері деген бейресми түсінік бар. Билікте БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен өзгертті. Әлеуметтік желі тез дамып жатыр. Қазір кез-келген адам қолындағы ұялы телефонымен көрген, білгенін түсіріп өзін блогер сезінеді. Ал желі бетінде  жазба жазып, өзін журналистер қатарына қоятын блогерлер де бар. Не керек ақпарат майданында қызу талас. Бүгін ел Президенті сөз шеберлерін есік қағып тұрған төл мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев жолдады.

Бүгінде елдегі Бұқараларық ақпарат құралдарының саны 3 мыңға жуықтайды. Басым бөлігі мемлекеттік болып табылады. Ал АҚШ –та мемлекеттік БАҚ деген атымен жоқ. Тек жекеменшік. Не керек қазақстандық журналистерде ешбір әлеуметтік статус жоқ. Билік пен халықтың арасындағы елшілік міндетін ақтарып жүрген БАҚ өкілдерінің қоғамдағы рөлі қандай?

Журналистердің төл мерекесі қарсаңында мемлекеттік органдар тарапынан марапаттаулар мен құттықтаулар қарша жауады. Алайда, БАҚ  дербес болуы үшін, оның жұмысын үкіметтік емес ұйымдар бағалағаны жөн дейді сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.