Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүргізушілер кәсіби шеберлігін шыңдады

c 18:29, 10/04/2018 c 1124

0:00 / 0:00

Қала ішінде қатынайтын жүргізушілер қайтадан жол жүру ережесін естеріне түсіру және кәсіби шеберлігін шыңдау үшін арнайы семинар-тренингке қатысты. Басты мақсат - жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қауіпсіздігін арттыру . Атыраудан келген жаттықтырушылар мұндай тапсырыстар жиі келіп түседі. Біздер әсіресе, медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігін шыңдауға көмектесеміз,- дейді.

Қазіргі таңда, қаламыздың ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғалары жиі орын алып тұрады. Ал, автобустарды тізгіндеген жүргізушілер болса, ертеректе, біздерге өзге жүрзушілер жол беруші еді. Қазір сыйластықтан ештеңе қалмады. Мұндай семинар-тренингтер әсіресе, жас жүргізушілерге керек,-дейді.

Қала тұрғындары қоғамдық көлікке көңілдері толмай отыр. Тұрғындардың сөзінше, автобустардың іші шаң болып, бір-бірімен жарысуларын доғармайтын көрінеді.

Атыраудан келген жаттықтырушылар бұл семинар- тренингтен кейін, жол көлік оқиғаларының орын алуы сирей түседі деп болжайды. Аталмыш семинардан соң, қаламыздың тас жолдарында жол көлік оқиғалары азаяр деп сенейік!

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.