Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

c 17:54, 01/08/2022 c 1653

0:00 / 0:00

Екі қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға 30 шілде күні сағат 11:00 шамасында Орал қаласының Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысында болған. Дәулеткерей көшесімен келе жатырған нөмірі 39-шы қоғамдық көлік Мұхит көшесі бойындағы жолдағы нөмірі 30Д қоғамдық көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Соққы салдарынан бір автобус жанға құлап, тоқтап тұрған “Тайота камри” автокөлігін басып қалған. Белгілі болғандай апаттан зардап шеккен 14 адам қалалық ауруханаға жеткізілген. Атап айтқанда, 1990 жылғы әйел адам бас пен мидың жарақатын алып, нейрохирургия бөліміне жатқызылған. 1971 жылғы әйел адамның үш қабырғасы сынып, дәрігерлер оны отаға дайындап жатыр. 1976 жылғы бұғанасы сынған әйел адамды политравма бөліміне жатуға көндірген. 1962 жылғы ер адамның екі қабырғасы сынған. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартыпты. Қалған жолаушылар аяқ-қолдары мен мен өзге де дене мүшелерінің жұмсақ тіндерін соғып алған. Амбулаторлық ем алуға жолданыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.