Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАС КӨТЕРДІ

c 09:58, 09/11/2021 c 768

0:00 / 0:00

Елордада ресейлік нөмірді таққан көлік иелері бас көтерді. Соңғы күндері жол -көлік полициясы Қазақстанда тіркелмеген ресейлік нөмірмен жүрген автокөліктерді айыппұл тұрағына қойып жатыр. Көлігінен айырылып қалған 200-ге жуық жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жиналып, полициядан көліктерін қайтарып беруді талап етті. Сондай-ақ, наразы топ мысалы 3 миллионға сатып алған ресейлік көлікті елде тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы көліктің құнымен бірдей деп даурықты. Олар ел үкіметінен автокөліктерін тіркеудің жеңіл жолын ойластыруды сұрайды. Ал осы жағдайға қатысты Парламент дәлізінде пікір білдірген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандықтар Қазақстан заңына сәйкес, сатып алу-сату шарты бойынша көліктерді сатып алып, оларды 10 тәулік ішінде өз атына тіркеуге міндетті екенін айтты. Министр ел ішінде жүрген ресейлік 80 мың көліктің ешқайсысы Қазақстан аумағында тіркелмеген деді.
Ресейлік нөмірді таққан көліктерге қатысты шу шықты. Себебі, полиция ресейлік нөмірмен ел ішінде жүрген автокөліктерді тоқтатып, айыппұл тұрағына қойып жатыр. Күн көріс көзіне айналған көлігінен айырылған жүргізушілер елордадағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, бас көтерді. 200-ге жуық адам жиналып, полициядан көліктерін қайтарып беруді талап етті. Әкімшілік полиция өкілдері болса, көлік басқа мемлекетте тіркелгендіктен, кедендік рәсімдеуден өтіп,мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етуде. Ал наразы топ мысалы 3 миллионға сатып алған ресейлік көлікті елде тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы көліктің құнымен бірдей деп даурықты.
Жиналғандар ел үкіметінен автокөліктерін тіркеудің жеңіл жолын ойластыруды сұрайды. Арзан, қол жетімді ресейлік көліктерді сатып алғандар, «Қазақстан нарығында көліктер тым қымбат болғасын осындай жолын таңдадық»- деп отыр. Ал бұл көлік бір отбасын асырап отырған табыс көзі. Қазір темір тұлпарлары айыппұл тұрағында тұрғандардың ішінде елордадан өз аймақтарына кете алмай, сандалып жүргендер де бар.

Жүргізушілердің наразылығына қатысты пікір білдірген еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандықтар Қазақстан заңына сәйкес, сатып алу-сату шарты бойынша көліктерді сатып алып, оларды 10 тәулік ішінде өз атына тіркеуге міндетті екенін ескертті. Министрдің айтуынша, елде ресейлік нөмірмен жүрген 80 мың көлік Қазақстан аумағында техникалық тексеруден өтпеген.

Сондай-ақ, ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ресейден криминалдық жолмен әкелінген көліктер де бар. Жалған құжат негізінде 10 көлікті кіргізу фактісі анықталған. Бұдан бөлек, 150 көлікті Ресей Федерациясында тіркеуден шығарып тастаған. Жалпы Қазақстанда ресейлік нөмірдегі 210 мың көлік бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.