Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН КҮН

c 21:20, 05/05/2023 c 101

0:00 / 0:00

Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында дәстүр бойныша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды. Ақордада бас қосқан әскерилер ерен еңбектері мен ерліктері үшін мемлекеттік наградарлармен марапатталды.

Ақорда бүгін шенді-шекпендерге толы болды. Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңындағы дәстүрлі марапаттау шарасы бұл жолы да жоғары деңгейде өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилерді жыл сайын қатар атап өтілетін қос мереке күнімен құттықтады. Тоқаев Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елдермен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды. Еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі, - деді.

Сондай-ақ, Президент мемлекет әрдайым күштік құрылымдарды қолдауға дайын екенін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне орай ерлігімен және еңбегімен дара шыққан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді табыстады. Жоғарғы қолбасшының қолынан генерал-лейтенант әскери атағын алған Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов пен генерал-майор әскери атағын қанжығалаған Ұлттық Ұланның бас қолбасшысының орынбасар Қайрат Үмбетовтерді көзіміз шалды.

Еске сала кетсек, Қайрат Үмбетов 2016 жылы “Халық қаһарманы” атағын иеленген болатын. Сол кездегі полковник, қазіргі генерал-лейтенант бір сарбазды құтқарып қалған болатын. Оқу-жаттығу жиыны кезінде № 6505 әскери бөлімінде сарбаз гранатаны байқамай өте жақын қашықтыққа лақтырып, жарылғыш зат жерге түскен бойда іске қосылғанды. Осы сәтте Үмбетов еш ойланбастан ерлік танытып, сарбазды денесімен қалқалап, өмірін құтқарып қалғаны есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.