Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдағы жауапсыздық

c 10:05, 08/06/2021 c 608

0:00 / 0:00

Көлікті мас күйінде тізгіндейтін жауапсыз жүргізушілердің әрекеті тыйылмай отыр. Ағымдағы жылдың бес айында республика бойынша  ішімдік ішіп көлік жүргізген жүргізушілердің кесірінен  149 жол-көлік оқиғасы орын алса. Оның салдарынан 280 адам зардап шегіп, 31-і көз жұмды.  Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов айтты.

Жол үстіндегі ережені сақтау, өзіңнің, өзгелердің өмірі үшін жауапты болу үшін жол ережелері қатаңдатылды, тіпті  әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту  жазасы да күшейтілді. Алайда жол үстінде жауапсыздық танытатын жүргізушілердің әрекеті тыйылар емес. Ішімдік ішіп алып, көлікті тізгіндейтіндердің кесірінен кісі өлімі артып отыр.

Асқар Тәженов – ҚР ІІМ әкмішілік полиция комитетінің басқарма бастығы -«Ағымдағы жылдың бес айында республика бойынша  мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің кінәсінен  149 жол-көлік оқиғасы орын алса. Оның салдарынан 280 адам зардап шегіп, 31-і көз жұмды».

Егер бұрын бірінші рет мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен үш жылға айыру көзделсе, қазір бұл жаза  жеті жылға ұзартылды. Бірден 15 тәулікке қамалады. Енді мас күйінде көлік жүргізген көлік жүргізуші жол көлік оқиғасына жол берсе, алайда оқиғадан адам денсаулығына залал келтірмесе жеті жыл жүргізуші куәлігінен айырылумен қатар, 20 тәуілікке қамауға алынады. Ал оқиға салдарынан кісі өлімі тіркелсе, бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзарды.

Асқар Тәженов – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы -«Осы жылдың бес айында 1000 жүргізуші  қылмыстық  жауапкершілікке тартылды. Бүгінде көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілсе де, кейбір адамдар ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті екенін түсінбей, рөлге мас күйінде отыруды қояр емес».

Мұндай жауапсыздар жүргізушілер жол апатына да жиі түседі. Ресми мәліметке сәйкес, биыл  республика бойынша 8,5 мыңнан астам адам көлікті мас күйінде жүрігізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.