Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздікті сақтау шаралары қатаңдатылды

c 17:12, 10/05/2018 c 628

Бұл жөнінде БҚО ІІД мәлімдеді. Осы мақсатта бірнеше рейдтік шара өткізілмек. Атап айтар болсақ, "Жылдамдық", "Жаяу жүргінші" деп аталатын және көлік тізгініне ішімдік ішкен күйінде отырған жүргізушілерді құрықтауға бағытталған жедел алдын алу шаралары өткізілгелі отыр.

Тәртіп сақшыларының бақылауды күшейтуіне жол бойындағы қайғылы жайттардың артуы себеп болып отыр. Қаншама ескерту жарияланғанымен жүргізушілер қауіпсіздікті есте ұстамай отыр. Салдарынан қаншама жанның өмірі қиылды. Бұл ойлантарлық жағдай. Сол себепті сала мамандары сөзден іске көшіп, тәртіп бұзған, адам өміріне қауіп төндіргендерді анықтаса, қатаң жазаға тартуды қолға алмақ.

Облыс жолдарында жол-көлік оқиғалары 15 пайызға қысқарыпты. Ал жарақат алғандар саны 12 пайызға азайған. Дегенмен тақтайдай тегіс жолда жылдамдықты шамадан тыс асырып, құстай ұшқан жүргізушілер адам өміріне жауапты екендерін ұмыт қалдырады дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ жол көлік оқиғалары ресейлік нөмірлі көліктердің қатысымен де жиі тіркелетіні анықталып отыр. Алдағы уақытта қала мен облыс жолдарында тәртіп күшейтіліп, көліктер тексеріліп, бірнеше қауіпсіздік рейді өтетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.