Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолақыны жаңа төлем жүйесі арқылы төлеуге болады

c 17:20, 22/02/2018 c 689

0:00 / 0:00

Облыс орталығымен Круглозерный кенті, Серебреков ауылдарын жалғайтын қоғамдық көлікте жолақыны арнайы карточкалар арқылы төлеуге болатын пилоттық жоба енгізілді. Аталмыш жоба биылғы жылдың мамыр айына дейін жүзеге аспақ. Егер бұл жоба бұқара халық арасында танымалдылыққа ие болып жатса, барлық қоғамдық көліктерге енгізілуі мүмкін.

Автобустағы жолақыны төлем карталары мен қолма қол ақша арқылы жинап жүрген кондукторлар бұл жүйе бізге қолайсыздық тудырады. Адам көп болған кезде қолма қол ақшамен жұмыс жасаған ыңғайлы,- дейді.

Жолаушылардың ақпанның екінші жартысынан бастап енгізілген пилоттық жобаға қатысты пікірлерін біліп көрдік. Қос ауылдың тұрғындары төлем карталары таңертеңгі уақытта қолданған уақытта ыңғайлы,- дейді. Ал, кейбір жандар бұл жүйені тек жастар арасында сұранысқа ие болуы мүмкін. Себебі, зейнеткерлер төлем карталарын қажетті соммамен толтыра алмайды деген пікірде.

Жолақыны төлейтін карточкалар Круглозерный және Серебреков ауылдарының дүкендерінен сатып алуға болады. Он тоғызыншы ақпаннан бері небары екі төлем картасы сауданыпты. Сатушылар бұл жүйе жаңадан енгізіліп жатыр, мүмкін уақыт өте келе төлем карталарына деген сұраныс артып, сауда жақсы болар деген ойда.

Өткен жылдан бері шаһар аумағындағы қоғамдық көліктің жолақысын төлеу үшін жаңадан "смс бас" бағдарламасы енгізілгені мәлім. Қазіргі таңда, аталмыш пилоттық жоба арқылы 1500 дана төлем жүргізіпті. Сонымен қатар, биылғы жылы қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктің 80і жаңа темір тұлпарлармен жаңартылмақ. Сала мамандарының хабарлауы бойынша, облыс орталығында жолаушы тасымалдаумен айналысатын 6 автобус паркі ескірген автобустарын алмастыру мақсатында екінші деңгейлі банктарға құжаттарын тапсырыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.