Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Саламатты мектеп"

c 10:39, 11/10/2018 c 799

0:00 / 0:00

Қала мектептерінде чипсы мен кола саудаланбайды. Фаст-фуд өнімдеріне де  тыйым салынбақ. Бұл шараның баршасы "Саламатты мектеп" пилоттық жобасының аясында іске асып жатыр. Пилоттық жоба шаһарымыздың 34 мектебінде қолданысқа енген. Ұрпақтың саулығы үшін қандай кеңестерге құлақ түрген жөн. 

Биылғы оқу жылынан бастап қаламыздың 34 мектебінде "Саламатты мектеп" жобасы қолға алынған. Бұл жоба баланың денсаулығын жіті назарда ұстайды. Яғни, оқушылардың мектепке қандай тағам тұтынып жатқандығы мен таңертеңгілік жаттығулардың орындалуын қадағалайды.

Педагогтар болса, бұл жобаның тиімді тұстары көп,- дейді. Оқушылар таңғы жаттығуларын жасап, денсаулықтарын шынықтырады.
Келешекте бұл пилоттық жоба қалған мектептерде де іске аспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.