Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол үстінде қаза болғандар саны артты

c 09:30, 20/04/2021 c 484

0:00 / 0:00

Жол үстінде қазақ болғандар саны артып отыр. Ішкі істер министрлігінің  хабаралуынша, көлік санының артуынан, отандық автопарктың ескіруінен және жолдардың сапасыздығынан ағымдағы жылдың  үш айында елде  жол-көлік оқиғасы барысында  өлім көрсеткіші 12 пайызға артты. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов хабарлады. Полицейлердің айтуынша, жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары көп орын алуда.

Жол ережелері қатаңдатылып, айыппұлдың көлемі артып, жол ережесін бұзғандарға қатысты жаза да күшейтілді. Дегенмен, жол үстіндегі аппаттар азаяр емес. Қазір көлік көп, темір тұлпарды тізгіндегендердің бәрі бірдей жол ережесін сақтамайды. Жылдамдықты арттыру  кісі өліміне  әкеп соғуда. Тіпті жол түгілі, аула ішінде де кісіні соғып, арты қайғылы оқиға әкеп жатқан жағдайлар да жиіледі. Тек үстіміздегі жылдың үш айында 363 адам жол көлік оқиғалары барысында көз жұмды.

Нұрділдә Ораз – ҚР ІІМ ресми өкілі «Осы жылдың үш айында 2,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 363 адам көз жұмды. 3,5 мың адам зардап шекті».

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше,  елдегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің үлесіне тиесілі. Бағдаршамнан немесе аранйы жолақтан өтпей, жолды кесіп өтіп жататын жаяу жүргіншілер көп.

Серік Түсіпов –ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары «Жол апатының 37 пайызы, әрбір үшінші қаза тапқандар және  жараланғандар  жаяу жүргіншілер үлесіне тиесілі. Бұл ретте жаяу жүргіншілердің де жүріс-тұрысына қатысты проблемалар бар. 2020 жылы олардың тарапынан 200 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Биылғы жыл басынан бері – 66,7 мың»

Өкінішке орай, жылда қазынадан қыруар қаржы бөлініп, жолдарды жөндеу жұмысы жүріп жатады. Бірақ  жол сапасы сын көтермейді. Өңірлерді айтпағанда, ел астанасының өзінде автокөлік жолдарының сапасы көңілден шығып жатқан жоқ. Күні кеше қала орталығында жолда келе жатқан автокөлік опырылып қалған шұңқырға түсіп кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.