Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОҒАЛҒАН АҚШАЛАР

c 19:49, 19/04/2022 c 545

0:00 / 0:00

Тәуелсіздіктің 30 жылында сыртқа заңсыз кеткен капиталды қайтару бойынша үкіметте жұмыс басталды. Бас прокуратура капиталды заңсыз шетелге шығару бойынша жиырмадан астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Ал Каспий мұнай құбырындағы апаттың салдарынан Қазақстан 100-150 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін дейді министр. Осылайша жоғалған ақшаларды қайтарамыз, құбыр апатынан жоғалтқанымыздың орнын толтырамыз деп сендіреді министрлер кабинеті. Үкімет отырысынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Смайылов үкіметі жоғалған ақшаларды толық қайтара ала ма? Қоғамды алаңдатып отырған мәселенің бірі-шетелге заңсыз шығарылған ақшаны елге қайтару. Қазір Бас прокуратура капиталды заңсыз шетелге шығару бойынша жиырмадан астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 1 млрд долларды құрайтын қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі елден шетелге заңсыз асқан капиталдың көлемі 100 млрд долларды құрайды деп мәлімдеген болатын. Алайда, сарапышлар аталған сома бұдан да көп деп отыр. Ақжол партиясының мәліметінше, тәуелсіздіктің 30 жылында елден 165 млрд доллар қаражат заңсыз шығарлыған. Яғни оффшорда жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Каспий мұнай құбырындағы апаттың салдарынан да миллиардтарды жоғлатпақ. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, Қазақстан құбырда орын алған апат салдарынан 100-150 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін. Оның айтуынша, шығын сомасын әзірге нақты айту мүмкін емес. Бәрі құбыр желісінің қашан жөнделетініне және санкциялық шараларға байланысты дейді Жамаубаев.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Одан әрі санкцияларға байланысты болады. Ал жалпы шығын мөлшері 100-150 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Егер тезірек қалпына келсе, әрине, аз болады»

Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын. Бұл Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан мұнайының 78 пайызы экспортталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.