Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР

c 21:06, 30/09/2022 c 1598

0:00 / 0:00

Бүгінгі күні Қазақстанда ата-ана қамқорысыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған 89 жетімдер үйі бар. Сенатор Амангелді Толамисов Үкімет жетім балаларды тұрғын үймен қамту мәселесін кенже қалдырған дейді. Онсыз да тағдыр тәлкегіне түсіп, жетімдік көрген бала 18 жастан соң балалар үйінен шығып, барар жерін білмей адасып жатады. Бірінші мәселе-баспана. Сенатордың айтуынша, елімізде мұндай балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға құқылы. Сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес жетім балаларға жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді делінген.бірақ бұл жеңілдіктердің бірі қолданыста жоқ. Қазіргі кезде бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. Алайда, тұрғын үй кезегі жетім балалар үшін тым баяу жылжып жатыр дейді депутат.

Егер бұл жұмыс осы қарқынмен жалғасатын болса, тек кезекте тұрған жетімдерімізді баспанамен қамтуға 50 жыл уақыт керек дейді сенатор. Депутат Толамисов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында жетім балаларға туған жерінен баспана беруді қамту керек. Сондай-ақ, оларға мемлекетік бағдарламамен үй беру тетіктерін енгізу қажет деген ұсыныстарын алға тартты.

Бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның ішінде 18 мыңнан астам бала патронаттық тәрбиеде және асыраушы отбасыларда. 4 мыңы балалар үйінде тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.