Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жер мемлекеттің қауіпсіздігі»

c 19:11, 16/04/2021 c 502

0:00 / 0:00

Жер дауы Мәжіліс мақұлдаған «Жер қатынастары туралы» заң жобасымен шектелмей тұр.Қоғам белсенділерінен құрылған Ұлттық мүддені қорғау кеңесі «Жер реформасы туралы» комиссияның жұмысына наразы.  Бүгін кеңес жерді қазақстандықтарға да сатуға қарсымыз деген пікірлерін жеткізді. Жиынға Парламент депутаттары, құзырлы министрлік өкілдері мен жер комиссиясының мүшелерін шақырған екен. Бірақ Үкімет пен Парламенттен төбе көрсеткен жан болмады. Тек жер комиссиясының мүшесі Алмасбек Садырбаев ғана келді.

«Жер мемлекеттің қауіпсіздігі» тақырыбында өткен қоғам белсенділерінің отырысында жер мәселесі қызу талқыланды. Жер дауы Мәжіліс мақұлдаған жер қатынастары туралы заң жобасымен шектелмей тұр. Ол құжат жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тиым салуды көздейді. Ендігі мәселе жерді қазақстандықтарға сатуға бола ма, жоқ па деген сұраққа нүкте қойылмай тұр. Үкімет жанына құрылған жер реформасы туралы комиссия отырысы апта сайын өтіп жатыр. Комиссия мүшелерінің бір бөлігі жерді жекенің қолына беруді қолдаса, енді бірі бұған үзілді-кесілді қарсылық танытуда. Шаруалар қолындағы жерден айырылғысы келмейді. Иесіз жер күтімсіз қалады дейді.

Ұлттық мүддені қорғау кеңесі де өз ішінен жер комиссиясына баламалы Жер комиссиясы туралы Халықтық комиссия құрып алды. Олар жерді меншікке беруге қарсы. Жекенің қолындағы жер ертең шетелдіктерге сатылып кетпесіне  кепілдік жоқ дейді қоғам белсенділері.

Жер дауына қатысты екі комиссияның көзқарасы екіге бөлініп отыр. Айта кету керек бұл жиынға Парламент депутаттары, құзырлы министрліктердің өкілдері мен үкімет жанындағы жер комиссиясының мүшелері шақырылған болатын. Алайда, депутаттар мен шенеуніктер төбе көрсетпеді. Тек жер комиссиясының мүшесі Алмасбек Садырбаев ғана келіп, өзін сұрақтың астына алып, жабыла кеткен қоғам белсенділерімен әбден дауласты.

Ақырында Садырбаев басқа да шаруаларым бар еді деп, жиыннан кетуге мәжбүр болды. Ал халықтық комиссия мүшелері жер Қазақстан азаматтарына сатылмайды, жекешелендіру туралы заңды қолданыстан алып тастау, жер тұтастығы үшін ауыл, аудан әкімдерін халық сайлауы керек деген ұсыныстарын енгізіп Президентке хат жолдайтын болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.