Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

c 08:59, 25/02/2022 c 571

0:00 / 0:00

Кешеден бері жеңілдетілген автонесиеге утильалымнан жиналған қаражаттың 100млрд теңгесі бөлінеді деген ақпарат тарағалы, темір тұлпарды тізгіндегісі келетіндердің ұйқысы қашты. Мәлім болғандай, арзан несиеге көлік алатындар 10 млн теңгеден аспайтын автокөлікке ғана қол жеткізе алады. Егер сіз таңдаған көлік құны бұл сомадан асып кетсе, артығын қалтаңыздан төлейсіз. Баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді.
Үкімет жеті жылға бастапқы жарнасыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайтын автонесие береміз деп мәлімдегенді. Әзірге жеңілдетілген автонесие нақты қашан берілетіні белгісіз. Алайда, утильалымнан жиналған қаражаттан арзан несие беруге 100млрд теңге бөлінеді дегенді естігелі, темір тұлпарды тізгіндегісі келетіндердің ұйқысы қашты. Тіпті, жеңілдетілген несие берудің төңірегінде көптеген жаңсақ пікірлер таралуда дейді вице-министр Қарабаев. Арзан несие белгілі бір модельдерге ғана беріледі деген ақпарат жалған деп отыр ол. Дегенмен, 4 пайыздық несиеге көлік сатып лағыңыз келсе құны 10 млн теңгеден аспайтынын таңдағаныңыз жөн. Одан сәл асса, қалған сомасын қалтаңыздан төлейсіз дейді.

Сонымен қатар ол арзан несиеге тым қымбат көліктерге берілмейтінін айтты. Вице-министр шылқыған байлар қымбат көлікті өз ақшасына сатып алсын деп отыр.

Ал мөлшерлемесі елу пайызға төмендеген утильалым бойныша импорт көліктің бағалары 3-4 пайызға арзандауы мүмкін. Алайда, елде доллардың бағасы шарықтап, теңге құлдырап жатқанда шетелден әкелінген темір тұлпарлардың құны түсе қоюы да екіталай. Айта кетейік Қазақстанда құрастырылған автокөліктерден утильалым алынбайтындықтан, олардың құны да төмендемейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.