Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Желкенді кеме шебері

c 18:54, 27/03/2018 c 4511

0:00 / 0:00

Орал қаласының тұрғыны Владимир Щукин желкенді кемелер жасаумен айналысады. Әрине бұл кемелер су көліктерінің шағын макеттері ғана. Азамат бала күнгі әуесқойлығын дамытып, қазір кәсіби түрде шеберлігін арттырыпты. Желкенді кемені құрастыру үшін ол бірнеше тәулік уақытын жұмсап, көз майын тауысудан жалықпайды. Арна тілшісі шебердің өзімен кездесіп қайтқан болатын.

Кемелерді құрастыруда әр бөлігінің шынайы су көлігінің түпнұсқасына ұқсауына Вламир шебер ерекше мән береді екен. Алғашында шағын қайықтар мен кемелерді жасаудан бастаған азамат қазір кәсіби шебер ретінде күрделі үлгілерді жасап шыға алады. Өзі жастайынан теңізде саяхаттауды армандағандықтан кеме құрастыру ісін асқан сүйіспеншілікпен жасайтынын айтады.

Желкенді қайық кәде сый ретіде құнды болып саналады. Алда тағы да біраз су көліктерінің үлгілерін орындап шығу мақсаты бар Владимр Щукин бүгінге дейін 25 кеме құрастырыпты.

Азамат бұл шеберлік пен табандылықты талап ететін еңбек болғандықтан нағыз кеме жасау өнерінен хабардар болу керегін ескерген дұрыс дейді. Бірақ әзірге туындыларын көрмеге шығара алмайды, тек өзінің темір сарайындағы сөреде ғана жабулы тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.