Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖАНУАРЛАРҒА ЧИП САЛЫНАДЫ»

c 10:01, 11/10/2021 c 755

0:00 / 0:00

Егер жануар өліп қалса, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 50 тәулікке қамалады. Сондай-ақ бірнеше адам бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялық желілерді қолданып, көпшіліктің алдында жануарларға бірнеше рет жауыздық жасаса 1 000 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салады және бір жылға бас бостандығынан айырады. Сондай-ақ, қазақстандықтар асырап алған жануарларды чиптеуге міндеттелмек.

Үй жануарларын қорғауды көздейтін жаңа жобада жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр. Өкінішке орай жан-жанураларды қорлау, асырап алған ит-мысығын қараусыз қалдыру немесе аса қатыгездікпен өлтіру деректері көп орын алады. Әлеуметтік желіде тараған жан түршігерлік бейне түсірілімдер тіршілік иесі-жануардың да жаны бар екенін есепке алмайтындай. Итбалықтарды қорлаған балалардың әрекеті, желіде итті тірідей өртеп жібергендер, тізе берсек мұндай оқиғалар баршылық. Экология министрлігі жануарларды қорғайтын жаңа заң жобасын ұсынып отыр. Енді жан-жануарларға қатысты қатыгездік жасағандар, қорлап, өлтіргендерге қатысты қылмыстық жаза күшейтіледі. Тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарыстырылған.

Сондай-ақ, заң жобасы қабылданса жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қойылады. Яғни иттердің төбелесін өткізуге, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізуге, жануарларды заңсыз өлтіруге, жануарларды әлсірету және оларға уақтылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау, еті мен майын пайдалану, сондай-ақ жеуге тиым салынады. Айтпақшы үй жануарын асырап отырғандар енді оған чип салдыруы керек.

ӘЛИЯ ШАЛАБЕКОВА - ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Чиптеу» дегенге қатысты, үй жануарларын есепке алу өнімін иелері есебінен ақылы негізде пайдалана отырып, үй жануарларын міндетті есепке алуға міндеттеледі. Бұдан басқа осы айтылғандарды жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алу бойынша кейінге қалдыру нормасы көзделген».

Ал дәл бүгін Парламент Мәжілісінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының таныстырлымы өтті. Депутаттар жаңа заң жобасын қарауға кірісті. Құжат жаңа жылға дейін қабылданады деген үмітте жануарлар әлемін қорғаушылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.