Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жануарлар бағының аумағы кеңейді

c 11:33, 03/08/2018 c 1015

0:00 / 0:00

БҚО-ның экологиялық-биологиялық орталығында альбинос құлын пайда болды. Мамандар мұндай ғажап құбылыс жан-жануарлар арасында сирек те болса тіркелетінін айтады. Айта кетейік, биыл зообақ өз аумағын кеңейткен. Күніне орталыққа 600-ге тарта адам келіп, табиғат аясында жануарлар әлемін тамашалайтын көрінеді.

Зообаққа жазғы уақытта демалыстағы мектеп оқушылары келіп, тәжірибелік жұмыстан өтеді. Жыл сайынғы дәстүр биыл да жалғасын тауып жатыр.

Бүгінгі күні орталыққа келушілер саны күрт артып отыр. Күніне 600ге тарта адам табиғат аясында сейіл құрып, жануарлар әлемімен сырласады. Әсіресе балалардың сирек кездесетін жануарларды тамашалауға деген қызғушылығы жоғары.

Жылдың кез-келген мезгілінде жануарлар ерекше күтімді қажет етеді. Тазалық пен қоректік заттың жетекілікті болуын орталық мамандары жіті қадағалап отырамыз дейді.

Валерик деп атайтын мына макака зообақтың еркесі, балаларды қылығымен жанына үйіріп алатын сүйкімді жануар. Цитрусты жемістер мен балғын көкпен қоректенеді.

Жаздың аптап ыстығында аюлар шомылғанды қатты ұнатады. Аң-құстардың сан алуан түріне көрсетілетін қамқорлық пен күтім біздің сүйікті ісімізге айналды дейді өз істеріне берілген орталық мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.