Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологиялық-биологиялық орталық қысқа сақадай сай!

c 17:51, 04/11/2021 c 2198

Оралда хайнуаттар бағы қысқа сақадай сай. Қазіргі таңда зообақта 250 астам жануар бар. Мамандар қыркүйек пен қараша аралығында жануарлардың жем-шөбін, азығын толықтай жинап қойдық,- дейді. Күзгі каникул кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен танысуға келген кішкентай меймандардың қарасы қалың.

Облыстық экологиялық-биологиялық орталыққа келген оқушылардың қарасы қалың. Олар топ болып немесе ата-анасымен бірге жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен танысуда. Сала мамандары пандемиядан соң табиғатқа қызығып, түрлі үйірмелерге жазылған балалардың саны артқандығын айтады. Қазіргі таңда үйірмеге қатысатын оқушылар түрлі тәжірбие жасап, өсімдіктерді суарып, өсірумен айналысады.

Орталық мамандары қысқа сақадай саймыз деп мәлімдейді. Олар қыркүйек айында дайындықты бастапты. Жаз бойы сәбіз, қызылша, жүгеріні көптеп отырғызған. Және жануарларға деп жеп-шөп, азығын жинақтапты.

Қазіргі таңда экологиялық-биологиялық орталықтың аумағында 250-ге жуық жануар мен өсімдіктің 80 астам түрі бар. Естеріңізге сала кетейік, орталық 1957 жылдан бері жұмыс жасайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.