Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР АСТАНАДА БАС КӨТЕРДІ

c 22:16, 11/04/2023 c 101

0:00 / 0:00

Жаңаөзендіктер елордада бас көтерді. Астанаға Жаңаөзеннен «БерАли Маңғыстау Company» қызметкерлері келіп, қаланың сол жағалауындағы энергеткиа министрлігінің алдында түнеп шықты. 150 мұнайшы министрліктен жұмыс талап етіп отыр. Олардың айтуынша, компания тендерден ұтылып, олар жұмыссыз қалған. Алайда, есігінің алдына келіп тұрған мұнайшыларға энергеткиа министрі Алмасадам Сәтқалиев шықпады. Мұның себебін үкімет үйінде министрдің өзінен сұраған едік.

Жаңаөзендік мұнайшылар талап-арызын Астанаға келіп айтып жатыр. 150 адам кеше түнде елордадағы Энергетика министрлігінің ғимаратының алдына түнеп шықты. Наразы топ жұмыссыздық мәселесін шешуді және жалақыны өсіруді талап етуде. Бұлар тендерден ұтылып қалған «БерАли Маңғыстау Company» қызметкерлері.

Алайда, кешеден бері есігінің алдында ереуілдеп жатқан жұмысшыларға энергетика министрі шықпады. Алмасадам Сәтқалиев Астанаға мұңын шағып келген жаңаөзендік жұмысшылармен жеке кездесіп, сөйлесуге әзірге қажеттілік жоқ деп санайды. Министр дәл қазір жұмысшылардың нақты талаптары жоқ дейді.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ - ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Мен диалогты жалғастыру, құзырлы адамдардың қызметкерлермен тікелей келіссөз жүргізу қажеттігін көріп отырмын. Егер менің шығуым керек болса, әрине, мен шығамын. Кеше Өзенмұнайгазға жұмысқа тұрғызыңдар деді, бүгін конкурсты алып тастаңдар дейді. Ертең не айтатыны белгісіз. Сол себепті күтейік. Сіздер егер мен олардың алдына шықсам, проблема шешіледі деп санасаңыздар, олар олай ойламауы мүмкін. Сондықтан жалпы позицияға, логикаға сүйеніп, алаңдағы адамдарға құрмет көрсетіп, оларды қанағаттандыратын дұрыс шешімдер ұсынайық. Процесс дұрыс ұйымдастырылуы керек".

Кешеден бері жұмысшылардың алдына тек еңбек министрлігінің өкілдері және Энергетика министрлігінің департамент директорлары шығып жатыр. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда ахуалды бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз, - дейді министр. Ал вице-премьер Алтай Көлгінов бәрі заң аясында шешілуі керек дейді.

Астананың ызғарлы түніне қарамастан ереуілшілер мәселе толық шешілгенше энергеткиа министрлігінің алдында қалып, түнемек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.