Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ҮКІМЕТТІҢ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР

c 00:53, 09/02 c 35

0:00 / 0:00

Күні кеше ғана үкіметтің жаңа құрамын бекітіп алған Президент, бүгін оларға бірқатар маңызды міндеттерді жүктеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қазіргі экономикалық ахуалына тоқтала келе 2029 жылға қарай ел экономикасының көлемін 450 миллиард долларға жеткізуді тапсырды. Яғни жалпы ішкі өнім жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз. Соңғы бес жыл ішінде бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кетті. Сондықтан бюджетті тиімді басқару және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау Үкіметтің алдында тұрған басты міндет деді президент. Бүгінде бір қарқынға түсіп алған Үкімет пен әкімдерге жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Яғни бюрократияны тоқтатуы керек.

Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық беру де айтылды. Микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды. Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берді. Ал бизнес өкілдері бұрынғысынша салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеуді жалғастырып жатыр деді Тоқаев. Сондай-ақ, елдің орта бизнесі де қолдауға мұқтаж.

Бүгінде Қазақстан экономикасына 50 млн доллардан астам қаржы салуға дайын отырған инвесторлар бар. Енді олар жағдай жасау керек. Президент қомақты қаржы құйғалы отырған ірі компанияларға «бір терезе» қағидасымен жан-жақты қолдау көрсеткен жөн дейді. Өкінішке орай әкімдіктер мен мемлекеттік органдарда инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер көп орын алады.

Агрария саласы да қолдау күтіп отыр. Тоқаев агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасауды тапсырды. Мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидасымен жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ аграрлық несие корпорациясының әлеуетін арттырып, оған әкімдіктердің ауыл шаруашылығын субсидиялау құзыретін беру қажет. Ол үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеңілдетілген несие және субсидия беру қызметтерін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруді тапсырды үкіметке. Ал шаруаларға жеңілдікпен берілетін несие көлемі екі есеге артады.

Министрлер кабинеті мен әкімдер төрт көз түгел жиналған жиында экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану мәселесі сөз болды. Мемлекет басшысы цифрландыру аясында қаржы технологиясы қарқынды дамыды. Енді экономиканың басқа салаларын цифрландыру қажет деді. Сингапур тәжірибесі бойынша әр министрліктің цифрлық өзгеріс жасау картасы болуы қажет. 2026 жылға қарай әлемдегі кәсіпорындардың 80 пайыздан астамы жасанды интеллект құралдарын қолданады. Медицина, білім беру, креативті индустрия салаларында жаһандық өзгерістер болып жатыр деді Президент. Яғни үкіметтің алдында жасанды интеллект арқылы ел экономикасын қарқынды түрде дамыту міндеті тұр. Өз кезегінде су жаңа үкімет басшысы Олжас Бектенов Президентке «тапсырманың барлығы мүлтіксіз орындалады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады»- деп уәде берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.