Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ

c 10:09, 02/12/2022 c 1686

0:00 / 0:00

Қазақстанда Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен партиялардың тізімі тағы бір сасяи бірлестікпен толықты. Өздерін жасылдар партиясымыз деп ұрандатып жүрген «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өткенін айтып, сүйіншіледі. Сол үшін партия серкесі Азаматхан Әміртай бастаған топ елорада баспасөз маслихатын өткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Әділет министрлігінің сүзбесінен өтіп, батасын алып, тіркелген «Байтақ» партиясы өздерін қоршаған ортаны қорғаушылармыз деп таныстырды. Жасылдар партиясы экологтардан құралған. Әрине арасында табиғат анаға жаны ашитын қарапайым азаматтар да бар. Не керек жасылдар партиясы енді елдегі барлық саяси науқанға етене араласып, келесі жылда өтетін сайлаудан үмітті. Парламент төрінде жоқ деген 10 депутатымыз отыратын болады- дейді партия серкесі.

Баспасөз маслихаты барысында жасылдар өздерін «Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясымыз»- деп ұрандатты. Қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясына тіркеуден өтуге 3 жыл уақыт кеткен.

Әділет министрлігінің мәліметінше, осымен Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген.

Олар- «AMANAT», «Ақ Жол», «Қазақстан Халық» партиялары, «Ауыл», «Adal», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары және енді тұсауы кесілген «Байтақ» партиясы.Ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуге «Халық дербестігі» саяси партиясынан өтініш келіп түскен. Қазір бұл партияның құрылтай құжаттарына сараптама жүргізіліп жатыр. Негізінде 2022 жылдан бастап Әділет министрлігіне 10 бастамашыл топтан партиялар құру туралы өтініш түскен, оның 4-уіне растау берілді, қалған партиялар «саяси партиялар туралы» Заңның 8-бабының талаптарын бұзуға байланысты тіркеу берілмеді -деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.