Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬГЕ КӨШУ ҚАЖЕТ»

c 16:46, 11/08/2023 c 49

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті үкіметтің алдына жаңа экономикалық модельге көшу міндетін қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына сапарында қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отырғанын айтты. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Павлодар облысына сапарында Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысқан еді. Толығырақ тілші тарқатады.

Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің алдына жаңа міндеттерді жүктеп отыр. Президент Қазақстан экономикасының даму жолында мүлдем жаңа бағытқа көшу керек деп санайды. Бұл ойын Тоқаев Екібастұз қаласына сапарында айтты. Қазақстанға жаңа экономикалық модель қажет, ел экономикасы қазіргі деңгейде қала алмайды деді Президент.

Президент айтқандай халық биліктен нақты шешімдерді күтіп отыр. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін елдің экономикасын даму тұжырымдамасына өзгеріс керек. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев бұл орайда түбегейлі шешемдер қажет деп отыр. Ал ол қандай шешімдер болатынын Президенттің алдағы күздегі халыққа жолдауынан білеміз. Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Президент Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысқан еді. Өздеріңізге мәлім, қыста Екібастұзда апатты жағдай болып, қала мұзға айналған болатын. Осы жағдайдан кейін тексеріс жүргізідгенде, жалғыз Екібастұз емес еліміздің барлық аймағындағы жылу беру жүйесінің әбден тозғаны мәлім болды.

Ақорданың хабарлауынша, Президент қала тұрғындарымен кездсеуден соң, жергілікті креативті жастармен де әңгімелесті. Сондай-ақ бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көрді. Ал екібастұздықтар қаланы абат¬¬тандыру және әлеуметтік ны¬сандар салу мәселесін кө¬терді. Қалада балалардың бос уақы¬тын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығар¬машылық үйін салып беруді де сұрады. Ал бүгін Прзеиденттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Екібастұзда өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданғанын жазды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен бой көтермек. Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды-деп хабарлайды баспасөз хатшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.