Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалақы өсе ме?

c 19:42, 30/01/2020 c 535

0:00 / 0:00

2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30 пайызын құрайтын болады. Яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәжілісте өткен отырыста айтты.  Депутаттардың айтуынша, Қазақстан ТМД елдері ішінде ең төменгі жалақы көлемі  бойынша артта қалып отыр. Бүгінде елде ең төменгі жалақы көлемі 42 мың 500 теңгені құрайды.

Мәжілісте Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған әлеуметтік салаға жауапты мемлекеттік орган басшылары депутаттар алдында есеп берді. Өңірден оралған мәжілісмендерде сұрақ көп болды. Депутат Смирнова ең төменгі жалақы алатындар мәселесін көтерді. Айлап тапқан 42 мың теңгесін тамағына әрең жеткізіп отырған азаматтардың жағдайы алаңдатады. Ал баласын қатарынан қалдырмай оқыту үшін несиеге белшеден батып жатыр. Мұндай жағдайда азаматтар демалуға баруды, мейрамханалатып жүруді тіптен армандамайтыны мәлім. Есімізде «жақсы өмір сүргің келсе, тыным таппай, мереке күндері де жұмыс істе»- деген болатын үкімет басшысының орынбасары Сапарбаев мырза.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Қазақстан Кееңс дәірі кезіндегі одақтас болған елдер арасында ең төменгі жалақы көлемі бойныша артта тұр. Бізден кейін Қырғызстан. Үкімет ең төменгі жалақы көлемін көтеру үшін түбегейлі шешім қабылдауды ойлап отыр ма? Бұл қашан болады? Ал таңнан кешке дейін, мереке күндері тыным тапапй жұмыс істеп тапқан ақшасының өзі қажетіне жетепй жатады. Мұндай ажғдайда зейнетақы қорында қаражат жианй алудың өзі күмәнді».

Жалақы көлемі бойынша дамыған елдерді мысалға алмағанның өзінде, көрші елдерден артта қалып отырғанымызды еңбек министрлігі мойындайды әрине. Үкімет 2023 жылдың басында ең төменгі жалақы сол кездегі орташа жалақының 30 пайызынан кем болмауы үшін қамданып жатыр екен.  Егер сол  жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден кем болмайды деп сендіреді Нұрымбетов мырза.

Бүгінде елімізде 1,5 млн адам ең төменгі жалақы алады. 42 мың 500 теңгені айлап күткен адам оны қажеттілігіне жеткізе алмайтыны мәлім. Азық-түлік бағасы жылдап емес, айлап өсіп жатыр. Халыққа қажетті деген маңызды азық-түлік түрлері биыл кем дегенде 10 пайызға өсті.  Ал үкімет болса алдағы 3 жылдан соң барып, қарық қыламыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.