Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайықтың жағдайы

c 17:08, 11/07/2018 c 1400

0:00 / 0:00

Қала тұрғындары Жайықтың жағдайына алаңдап отыр. Оралдықтар шаһарымыздағы ірі өзенде аққу, үйрек, тырна өмір сүреді. Алайда, олардың саны жыл санап азайып келеді дегенді айтады. Жағалау маңында күл қоқыстан көз ашпайсыз.

Бұл, шаһар аумағындағы Жайықтың бүгінгі келбеті. Еліміздің ірі өзені саналатын су айдынында аққу, үйрек, тырна секілді құстар мекен етеді. Алайда, Жайықтың жағалауы сын көтермейді. Қала тұрғындары бұл ахуалға байланысты дабыл қағуда. Жағалаудың маңы- күл қоқысқа толы.

Облыс аумағындағы өзендер мен су арналарын қоқыстан тазалау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуы бойынша, олар 5 жылдан бері жылына бір рет "таза жағалау" жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Бұдан өзге су арналарын тазалау жұмыстары тұралап тұрған көрінеді.

Қызыл кітапқа енген аққу мен өзге жануарлардың жойылып кетпеуі үшін қандай шаралар қолға алынған? Орман шаруашылығының мамандары бұл жерде екі маман қызмет жасайды. Олардың әрқайсысында жүз соток жер бар. Бұл жердегі аң, құстарды күзету үшін маман тапшы дегенді айтады. Орман тазалығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын "Таза орман" атты акцияны ұйымдастыратын көрінеді.

Еліміздің мақтанышы саналатын Жайық өзеніндегі бұл ахуал еш өзгермесе, жануарлар дүниесі түгел дерлік жойылып кететіні мәлім. Жағалау маңындағы күл-қоқыс азаматтардың табиғат анаға деген келтірген залалы. Азаматтар қоқысты жинап үйренбесе, аталмыш жағдай оң шешімін таппаса, ертеңіміз бұлыңғыр болатыны хақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.